14.02.2012, 11:26 4570

Елбасы ҚР арнайы мемлекеттік органдары туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы арнайы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге, онда қызметін өтеуге және онда қызметін тоқтауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық ережесін, материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтын "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік органдар туралы" Заңға қол қойды.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы ҚР арнайы мемлекеттік органдары туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы арнайы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге, онда қызметін өтеуге және онда қызметін тоқтауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық ережесін, материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтын "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік органдар туралы" Заңға қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны