26.04.2012, 12:13 3599

Елбасы ҚР қорғаныс министрін қабылдады

И.Жақсыбеков Президентке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты атқарылатын іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ Қорғаныс министрі Мемлекет басшысын Астанада мамыр айында өтетін "Kadex-2012" атты қару-жарақ халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы хабардар етті. Бұдан басқа, И.Жақсыбеков қорғаныс ведомствосының ағымдағы жұмысы мен Қазақстанның Қарулы Күштерін жаңғырту туралы мәлімдеді.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбековті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

И.Жақсыбеков Президентке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты атқарылатын іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ Қорғаныс министрі Мемлекет басшысын Астанада мамыр айында өтетін "Kadex-2012" атты қару-жарақ халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы хабардар етті. Бұдан басқа, И.Жақсыбеков қорғаныс ведомствосының ағымдағы жұмысы мен Қазақстанның Қарулы Күштерін жаңғырту туралы мәлімдеді.

"Қазақстан армиясы 20 жылдықты жақсы жетістіктермен, жақсы көңіл-күймен және жоғары моральдық-әскери рухта қарсы алғалы отыр", - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріп, ҚР Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны