13.12.2012, 10:05 3331

Елбасы ҚР мемлекеттік наградаларын табыс етті

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы марапаттау рәсімін аша отырып, қазақстандықтарды алда келе жатқан мереке - еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы марапаттау рәсімін аша отырып, қазақстандықтарды алда келе жатқан мереке - еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қалыптасқан дәстүр бойынша біз мереке қарсаңында өзіміздің ең үздік отандастарымызды жыл сайын марапаттаймыз. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктердің бәріне барша қазақстандықтардың еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Олардың арасында түрлі салаларда: өндірісте, ғылым мен техникада, мәдениетте, спортта, құқық қорғау органдары мен әскери ұйымдарда жемісті қызметімен үлгі бола білген адамдар бар", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Отан" орденімен марапатталған "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ президенті Мұхамеджан Турдахунов кәсіпорын ұжымының атынан шын жүректен алғысын білдірді.

"Бұл - мен үшін ғана емес, комбинаттың бүкіл ұжымы үшін үлкен құрмет. Біз кәсіпорынға деген Сіздің көзқарасыңызды білеміз. Соның арқасында біз бүгінде еңбек етудеміз, дамып келеміз және жаңа жобаларды іске асырудамыз. Біз өз Отанымыз - Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қоса отырып, Сіздің бастамаларыңызды әрдайым қолдап келдік және қолдай береміз", - деді М.Турдахунов.

"Парасат" орденінің иегері "Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы" АҚ-ның басқарма төрағасы Юрий Пя бұл награда - еліміздің астанасы тәрізді қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бүкіл денсаулық саласының жұмысына берілген баға екенін атап өтті.

"Бүкіл Медициналық холдингтің және Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығының атынан осындай жағдайда жұмыс істеуімізге мүмкіндік жасағаныңыз үшін алғысымызды жеткізгім келеді. Сондай-ақ бүгінде бізде бүкіл жаңа технология бар, ал біздің жабдықтарымыз өзге елдерден кем түспейтініне сендіргім келеді. Илемде жасалып жатқан барлық операция Қазақстанда да жасалуда. Оның бәрі еліміздің барлық азаматтары үшін қолжетімді", - деді Ю.Пя.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденінің иегері "Қазақстан" "Телерадиокорпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор С.Оразалы әрбір саналы азамат үшін өз халына қызмет атқарғаннан артық бақыт жоқ екеніне тоқталды.

"Егер сол еңбегін халық, мемлекет және ел Президенті бағалайтын болса, бұл - нағыз бақыт. Осында жиналғандар осындай сезімді бастан кешіп отыр деп ойлаймын", - деді С.Оразалы.

"Арқатірек" поэмалар жинағы үшін Идебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған, ақын Н.Айт Мемлекет басшысына қазақ әдебиеті мен өнеріне көрсеткен зор қолдауы үшін алғысын айтты. Ол Қазақстанның игілігі үшін одан әрі қызмет етуге дайын екендігін атап өтті.

"Жиырмасыншы ғасыр" роман-эпопеясы үшін Идебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған, прозашы С.Досанов сыйлық алып тұрған сәтінде ойына француз философы Вольтердің "Мемлекеттік құтқару үшін бір ғана ұлы адам жеткілікті" деген сөзі оралғанын айтты. Ол әлем мойындап отырған Қазақстанның жетістіктеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізгендіктен бұл сөзді Мемлекет басшысына арнап айту әділеттілік екенін атап көрсетті.

Рәсім барысында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі Даниал Ахметов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке тапсырылды.

І дәрежелі "Барыс" орденімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті Алмаз Ибрагимов марапатталды.

ІІ дәрежелі "Барыс" орденіне Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің профессоры Ибдіғаппар Ишімов ие болды. ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені ақын К.Салықовқа берілді.

ІІ дәрежелі "Достық" орденіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко және Республикалық Ұлан Қолбасшысының бірінші орынбасары Ермек Үкібаев ие болды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов "Парасат" орденімен марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алғандар қатарында әнші Дильназ Ахмадиева мен Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгереева бар.

Сонымен қатар, әнші Илібек Дінішев пен скрипкашы Гаухар Мырзабекова Идебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының бейбітшілік пен прогресс мемлекеттік сыйлығы халық артисі Жәния Иубәкіроваға берілді.

Іс-шараны аяқтай келе, Мемлекет басшысы марапатталған қазақстандықтарды құттықтады.

"Кез келген адам үшін мемлекет тарапынан еңбегінің бағалануы маңызды. Жұмысты одан әрі ынталандыру тұрғысынан алып қарағанда, бұл үлкен мәнге ие. Марапаттау еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Марапатталғандар бұдан қуат алып, мемлекет алдында тұрған міндеттерді орындауда, өз қызметін атқаруда үлгі көрсетеді деп үміт артамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың жұмысының арқасында "Қазақстан-2030" Стратегиясының басым бөлігі іске асырылғанын атап көрсетті.

"Қазір бүкіл әлем XXI ғасырдың ортасына дейінгі өздерінің стратегиялық бағдарламаларын дайындауда. Біз де қазіргі жағдай мен одан әрі дамуымыздың келешегін ойластырдық. Мен еліміздің халқына, әсіресе жастарға стратегиялық бағдарламамен үндеу жасаймын. Сол арқылы Қазақстан 2050 жылға қарай қандай биіктерге қол жеткізетінін олар білетін болады. Бұл бағдарламаны орындау үшін Қазақстан халқы еліміздің болашақ игілігі мен біздің жастарымыздың бақыты үшін бірлесіп жұмыс істеуі тиіс", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы биылғы 14 желтоқсанда "Астана Опера" жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны