03.02.2012, 09:41 3673

Елбасы ҚР премьер-министрін қабылдады

Президент биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөнінде алда тұрған жұмысқа белсене әрекет етулері тиіс екенін атап көрсетті.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөнінде алда тұрған жұмысқа белсене әрекет етулері тиіс екенін атап көрсетті.

"Көпке созбастан, Үкімет өз Жоспарын анықтап, әрекет ете бастауы қажет. Барлық іс-шараларды қаржыландыру көздерін табу керек. Икімдер еліміз алдында тұрған жаңа міндеттерді халыққа түсіндіруге тиіс. Жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

К. Мәсімов, өз кезегінде, Президентті Үкіметтің Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.

"Сіз Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітіп бердіңіз. Бұл Жоспарда барлық министрліктер мен ведомстволар арасындағы міндеттер тиянақталған. Келесі аптадан бастап, Үкіметтің әрбір отырысы оны орындауға арналатын болады. Сіздің Үкімет отырысында айтқан барлық сыни ескертулеріңіз түзетілетін болады", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны