12.01.2011, 15:40 3985

Елбасы ҚР ҰҚК төрағасын қабылдады

Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Ибіқаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Ибіқаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Н.Ибіқаев Президентке Комитет қызметінің 2010 жылғы негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмысының басым бағыттары туралы баяндады. Кездесу барысында сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарды реформалау аясында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы әңгіме болды. ҰҚК Төрағасы Мемлекет басшысына ведомствоның қарсы барлау қызметінің жаңа Тұжырымдамасының жобасымен жұмыс туралы баяндап берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Президент азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін одан әрі нығайту, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қауіп-қатерлеріне қарсы тиімді әрекет ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны