26.02.2013, 09:55 2930

Елбасы Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің және Министрлер Кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Р.Кастроны Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің және Министрлер Кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Р.Кастроны Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

"Қазақстан мен Куба арасында өзара сенім мен өзара түсіністік негізінде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін" делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Р.Кастроға және оның отбасына зор денсаулық, аса жауапты қызметіне табыс, ал достас Куба халқына амандық және өсіп-өркендеу тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны