09.07.2012, 09:42 4892

Елбасы Кубаньдағы қайғылы оқиғаға байланысты РФ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адам қазасына әкеліп соқтырған, табиғи апат салдарынан орын алған Кубаньдағы қайғылы оқиғаға байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Елбасы Кубаньдағы қайғылы оқиғаға байланысты РФ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адам қазасына әкеліп соқтырған, табиғи апат салдарынан орын алған Кубаньдағы қайғылы оқиғаға байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстандықтар адам қазасына әкеліп соқтырған, табиғи апат салдарынан болған Кубаньдағы оқиға туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасы және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтқан және қолдау білдірген сөздерімді жеткізуді сұраймын", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны