09.03.2017, 19:00 5063

Елбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады,-деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Е.Сыдықов Мемлекет басшысын университеттіӊ өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соӊ қабылданған алғашқы шешімдердіӊ бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздыӊ бас қаласымен бірге оныӊ атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздіӊ жоғары оқу орындарыныӊ алдыӊғы шебінде келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Ректор бүгінде университетте 17 мыӊнан астам студент білім алып жатқанын, оныӊ көбі үш тілді еркін меӊгергенін мәлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардыӊ академиялық мобильділігіне септігін тигізуде.

- Оқу орны өз деӊгейін ұдайы арттырып келеді және қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Университетте жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер студенттеріміздіӊ дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлектерініӊ жұмысқа орналасу критерийі жөнінен республикада алдыӊғы орындардыӊ бірін иеленді. Беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігініӊ (Ұлыбритания) зерттеу қорытындысы бойынша, Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемніӊ үздік университеттерініӊ қатарына қосылды, - деді Е.Сыдықов.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны