06.05.2013, 12:35 3047

Елбасы Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа 13-ші жалпыұлттық парламент сайлауында "Ұлттық майдан" коалициясының айқын жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын

Мемлекет басшысы жеделхатта бұл табыс Малайзия халқының Н.Разакқа және ол басшылық жасайтын партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып саналатынын атап өткен.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа 13-ші жалпыұлттық парламент сайлауында "Ұлттық майдан" коалициясының айқын жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы жеделхатта бұл табыс Малайзия халқының Н.Разакқа және ол басшылық жасайтын партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып саналатынын атап өткен.

"Достық пен өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың дамуын оң бағалай келе, оның одан әрі нығая беретіндігіне кәміл сенемін",- делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ іс-қимылды талқылау үшін Н.Разакпен диалогты жалғастыру ниетін білдірген.

Соңында Қазақстан Президенті Малайзия Премьер-Министріне зор денсаулық, қызметте табыс, ал достас Малайзия халқына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны