18.07.2014, 19:34 3075

Елбасы Malaysia Airlines авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министріне көңіл айтып жеделхат жолдады

Бүгін Мемлекет басшысы Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының "Амстердам - Куала-Лумпур" бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген", - делінген Ақорданың бапасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі апаттың себептерi анықталмайынша, қазақстандық әуе компанияларынан Украинаның әуе кеңiстiгiн пайдаланбауды сұрады.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Астана - Киев рейсін белгісіз уақытқа дейін тоқтатып отыр. Ал Алматы - Киев бағыты Ресей билігі солтүстік жолмен ұшуға рұқсат бергеннен кейін қайта іске қосылды.

Украинада апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағында қазақстандықтар болған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

"Малайзия әуежолдары ұшағының Украинаның шығысында апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туысқандары мен жақындарына азалы көңіл айтамыз", - деді сөз басында Н.Айтмаханов.

Ведомствоның мәліметі бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл алдын-ала мәлімет, егер қосымша ақпарат болса қосымша хабарланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 17 күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында болған 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі қаза тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны