27.10.2016, 12:44 3792

Елбасы мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконыӊ отбасына көӊіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев С.Дьяченконыӊ жарқын бейнесі оны білетіндердіӊ жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконыӊ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы С.Дьяченконыӊ мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, марқұмныӊ отбасына көӊіл айтты.

"Ол ұзақ жылдар мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінде депутаттық өкілеттігін абыроймен орындап, еліміздіӊ қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдан дамуына қомақты үлес қосты. Отанымыздыӊ нағыз патриоты ретінде өзініӊ бар ойы мен атқарған ісін Қазақстан Республикасыныӊ игілігі жолына арнады. Оныӊ ерен еӊбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді", - делінген жеделхатта.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев С.Дьяченконыӊ жарқын бейнесі оны білетіндердіӊ жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны