20.02.2015, 16:28 4154

Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады

Кездесу барысында Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктіӊ қазіргі қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктіӊ қазіргі қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоныӊ алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысынан маӊызды міндеттер тұрғанына назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті елдіӊ орнықты өсімі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттыӊ тиімділігін одан әрі арттырудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Агенттік төрағасы сондай-ақ Жаӊа мемлекеттік қызмет моделініӊ тұжырымдамасында белгіленген реформалардыӊ бірінші кезеӊін бағалау және мониторинг қорытындылары туралы баяндады.

Жүзеге асыру кезінде барынша пысықтауды және кешенді тәсілдерді қажет ететін бірқатар шаралар атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеудіӊ ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердіӊ қызметін сапалы бағалауды енгізу, оларды оқыту және ынталандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды.

Қ. Қожамжаров Агенттік жұмысыныӊ мемлекеттік қызметтіӊ барлық кезеӊінде таланттарды басқарудыӊ қағидаттары мен тетіктерін енгізу сияқты тұжырымдамалық жаӊа бағыттары туралы әӊгімеледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шаралары туралы да айтылды. Оныӊ аясында Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім берудіӊ барлық деӊгейінде және түрлі мақсатты топтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеу қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны