30.05.2016, 13:54 3709

Елбасы Мемлекеттік қызмет саласындағы өӊірлік хабтыӊ басқарушы комитетініӊ төрағасы Илихан Байменовті қабылдады

Кездесу барысында И.Байменов Мемлекет басшысын Өӊірлік хабтыӊ осы кезеӊге дейінгі жұмысыныӊ қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында И.Байменов Мемлекет басшысын Өӊірлік хабтыӊ осы кезеӊге дейінгі жұмысыныӊ қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабтыӊ Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өӊірлік және өӊіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны, қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оныӊ мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардыӊ саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола отырып, бұл платформаныӊ тиімділігін айтып, хабтыӊ іс-шараларын бірге қаржыландыруда.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны