22.10.2008, 15:37 1642

Елбасы мемлекеттік комиссия тапсыруға әзірлеген Қазақстанның Тәуелсіздік Сарайында болды

Елбасы мемлекеттік комиссия тапсыруға әзірлеген Қазақстанның Тәуелсіздік Сарайында болды

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік комиссия тапсыруға әзірлеген Қазақстанның Тәуелсіздік Сарайында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәуелсіздік сарайы бірыңғай архитектуралық-құрылыс кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оны тәуелсіздік пен егемендікті аңсаған Қазақстан халқының көпғасырлық тарихын негізге ала отырып, жарқын болашаққа ұмтылған елді белгілейтін "Қазақ елі" монументі мен "Шабыт" шығармашылық сарайының қатарына жатқызуға болады.

Тәуелсіздік Сарайының құрылысы 2007 жылдың желтоқсанында басталып, рекордты қысқа мерзімде аяқталды. Жоба 12,312 млрд теңгеге бағаланып отыр, ғимараттың құрылыс көлемі 353390 текше метрді құраса, жалпы ауданы - 18211 шаршы метр.

Сарайдың үш қабатында 4500 орындық көпфункционалды үлкен зал, бір мезгілде 400, 200, 100 және 50 адам қабылдауға арналған мәжіліс залдары, 700 орындық мейрамхана, баспасөз маслихаттары мен салтанатты кештер өткізуге арналған залдар орналасқан.

Тәуелсіздік Сарайы Қазақстанның жас елордасының маңызды мәдени-танымдық орталығына айналуы тиіс. Бұл жерде көрме залдары мен қоймаларының ауданы 6372 шаршы метрді құрайтын Өнер мұражайы және Қазақстан тарихы мұражайы орын тебеді. Сарайдың 8883 шаршы метр аумағын алатын Астана қаласының шағын бірегей макеті туристер мен қала тұрғындары үшін ең тартымды жерлердің біріне айналмақ.

Тәуелсізідік Сарайының ресми ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны