04.07.2016, 12:01 4425

Елбасы мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты

Қазақстан Президентініӊ қолынан 12 түлек - Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтыныӊ, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институтыныӊ және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтыныӊ үздік бітірушілері шен алды

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы рәсім аясында еліміздіӊ жоғары әскери оқу орындарыныӊ түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Қазақстан Президентініӊ қолынан 12 түлек - Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтыныӊ, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институтыныӊ және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтыныӊ үздік бітірушілері шен алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде мемлекеттік ту әрбір қазақстандық үшін қасиетті құндылық болып саналатын ұлттық бірлік нышаны екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Бұл - тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын биыл тойлайтын еліміздіӊ асқақ рәмізі. Біз егемен Қазақстанды осы көк ту астында бірге құрдық. Ширек ғасыр ішінде қуатты мемлекеттіӊ іргесі берік ғимаратын бірлесіп салдық. Жақында ғана республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Илемдік қоғамдастық планетадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне атсалысу сынды биік миссияны Қазақстанға сеніп тапсырды. Бұл - еліміздіӊ биік беделі мен табысты дамуыныӊ мойындалуы. БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесіндегі жұмыс біздіӊ туымызды бұрынғыдан да танымал ете түседі, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы республиканыӊ жоғары әскери оқу орындарыныӊ барлық түлектерін құттықтап, қазақстандық патриотизм түрлі салада, соныӊ ішінде еӊ алдымен Отанға қызмет етуде көрініс табатынын айтты.

- Бүгін біз жоғары әскери оқу орындарыныӊ үздік түлектеріне офицерлік шендер тапсырамыз. Осы күндері мыӊдаған қазақстандық жас оқуын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басады. Сіздер өз жолдарыӊызды елдіӊ бас байрағыныӊ алдында, салтанатты жағдайда бастап отырсыздар. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені сіздер қоғамда құрметке ие айрықша мамандықты таӊдадыӊыздар. Сіздер бірнеше жылды жақсы білім алуға, жаӊа машықтарды игеруге, достық пен өзара көмектіӊ құндылығын түсінуге арнадыӊыздар. Енді осыныӊ бәрін тәжірибеде қолдану керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті мемлекеттік ту көтеру рәсімі дәстүр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардыӊ бастауы болып саналатынына назар аударды.

- Биыл біз Астананыӊ 18 жылдығын - кәмелеттік жасқа толуын атап өтеміз. Бұл - биіктер бағындырылған және сол биіктен жаӊа перспективалар көрініп тұрған кез. Тәуелсіздік тудырған Астана құлпырған үстіне құлпырып, қарыштап өсуде. Бұл қала елді біріктіріп, жаӊа табыстарға жетелеп, көш басында келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев елорданыӊ миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін айтты.

- Бүгін ертеӊгісін Мұхамедияровтар отбасында Астананыӊ миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін зор қуанышпен хабарлаймын. Сәбидіӊ анасы - балабақша тәрбиешісі, әкесі - электр монтері. Енді біздіӊ елорда миллион тұрғыны бар қалалар қатарына енді, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын алдағы Астана күнімен құттықтап, бейбітшілік пен татулық, тыныштық пен бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны