02.11.2012, 17:41 3020

Елбасы мен Монако Князі II Альбер "Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі" атты көрменің ашылу салтанатына қатысты

"Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі" атты көрме Монако князі III Реньенің зайыбы және танымал голливуд актрисасы Грейс Келлидің жеке өміріне арналған.

Астана. 2-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Монако Князі II Альбер "Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі" атты көрменің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі" атты көрме Монако князі III Реньенің зайыбы және танымал голливуд актрисасы Грейс Келлидің жеке өміріне арналған.

Бұл бірегей жоба 2008 жылы шілдеде Монакодағы Гримальди Форумының көрме залына оның баласы, Монако Князі II Альбердің бастамасы бойынша қойылған.

Илемдік турне аясындағы көрме Париж, Мәскеу, Амстердам, Токио, Рим, Сан-Паулу, Нью-Йорк тәрізді әлемнің ірі қалаларында зор табыспен өтті.

Көрмеде княгиня өмірінің кейбір сәттері - Филадельфияда өткен балалық шағы, Голливудтағы салтанатты сәттер, Князьбен кездесуі, ана атанған және Монако символы болған жылдар көрініс тапқан.

Экспозиция арасында жеке заттары, фотосуреттері, княгиняның әшекейлері, балалар ойыншықтары, оның Князь Реньемен, түрлі король отбасы мүшелерімен, А.Хичкокпен, Б.Кросбимен, К.Грантпен, Ж.Кеннедимен, М.Ростроповичпен, Р.Нуриевпен және М.Шагаломен жазбаларынан құжаттар, сондай-ақ Грейс Келлидің кейбір үй киножазбалары да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны