04.04.2011, 17:30 4518

Елбасы мен РФ президенті телефон арқылы сөйлесті

Елбасы мен РФ президенті телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы мен РФ президенті телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалып, жексенбі күнгі болған сайлаудан табысты жеңісімен шын жүректен құттықтады",- деп хабарлады РФ президентінің баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан Назарбаев жылы лебіз бен құттықтауларға өз алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрслтан Назарбаев 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен президент сайлауында сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

"Қазіргі уақытта президенттікке үміткер болған Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков сайлаушылардың 1,4 пайыз дауысын, "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов 1,2 пайыз, ал Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов 1,9 пайыз дауысын және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 95,5 пайыз дауысын жинаған",- деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны