29.01.2016, 12:03 4258

Елбасы: Мұнай баррелі 30 доллар болған жағдайда өмір сүріп үйрену қажет

"Соӊғы уақыттарда әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұр. Алпауыт елдер арасындағы өзара талас-тартыс пен үлкенді-кішілі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар өрши түсуде. Санкциялық және сауда-саттық соғыстары жүріп жатыр. Халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнді. Қазақстан бар үмітін өзіне арта алады", - деді Нұрсұлтан Ибішұлы.

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мұнай баррелі 30 доллар болғандағы жағдайда өмір сүріп үйрену қажет . деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясыныӊ кезектен тыс XVII съезі барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Соӊғы уақыттарда әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұр. Алпауыт елдер арасындағы өзара талас-тартыс пен үлкенді-кішілі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар өрши түсуде. Санкциялық және сауда-саттық соғыстары жүріп жатыр. Халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнді. Қазақстан бар үмітін өзіне арта алады", - деді Нұрсұлтан Ибішұлы.

Мемлекет басшысы мұнай баррелі 30 доллар болған жағдайда өмір сүріп үйрену қажеттігін айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Тарихты еске түсірсек. Оітүстік-Шығыс дағдарысы 1997 жылы басталды. Ал 1998 жылы азиялық дағдарыс белеӊ алды. 1998 жылы мұнай баррелі 8,5 долларды құрады. Онжылдықта 130 доларға келіп тоқтады. Онжылдықтан кейін тағы құлдырау заманына кетті. Қазір төменге түсіп келе жатуы да мүмкін. Біз жарты жыл бойы мұнай баррелі 300 доллар жағдайында өмір сүріп келеміз. Ештеӊе өзгерген жоқ. Біз бұл жағдайға бейімделуіміз керек. Бұл ұзаққа созылуы да мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, жиынға екі мыӊнан астам адам жиналды. Олардыӊ ішінде республиканыӊ барлық өӊірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарыныӊ, ұлттық холдингтердіӊ басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарыныӊ өкілдері бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны