15.06.2015, 17:23 14598

Елбасы Назарбаев Университетініӊ алғашқы түлектеріне диплом беру рәсіміне қатысты

Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы түлектерді, олардыӊ ата-аналарын, Қамқоршылық кеӊесініӊ мүшелерін, басшылықты, профессорлар мен университет қызметкерлерін алғашқы лектіӊ бітіруімен құттықтады, сондай-ақ меценаттарға алғыс айтты

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы түлектерді, олардыӊ ата-аналарын, Қамқоршылық кеӊесініӊ мүшелерін, басшылықты, профессорлар мен университет қызметкерлерін алғашқы лектіӊ бітіруімен құттықтады, сондай-ақ меценаттарға алғыс айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев диплом тапсыру рәсімі университет қана емес, бүкіл республика үшін де маӊызды оқиға екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Тарихымыздағы алғашқы халықаралық деӊгейдегі ғылыми және білім беру орталығыныӊ - жетекші жоғары білім беру орныныӊ тұӊғыш түлектері енді бүкіл Қазақстанныӊ өміріне араласқалы отыр. Еліміз жас, жан-жақты даярланған, білікті мамандардыӊ жаӊа буын өкілдеріне ие болды. Бұл әсіресе, Ұлт жоспары негізінде мемлекетті жаӊғырту жөніндегі тереӊ өзгерістерге кірісіп жатқан қазіргідей кезде айрықша маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Астанада осындай университет ашу арқылы жаһандық білім берудіӊ қуатты жаӊа ошағы қалыптасқанын атап өтті.

- Ол біздіӊ экономикамыз мен өмірімізді біліммен, ғылыми жаӊалықтармен, инновациямен еселейтін болады. Азаматтарымыздыӊ өмірін жақсы жағына өзгертіп, олардыӊ бойына бастамашылық пен отаншылдықты, үздіксіз оқу мен кәсіби өсудіӊ машығын орнықтырады Бұныӊ бәрі Қазақстанныӊ тұрақты және жаһандық тұрғыдан дамыған мемлекет ретінде өмір сүруі үшін, өз мемлекетімізді жаӊғыртып, нығайту үшін, Отанымыздыӊ беделі мен әлемге танымалдығын арттыру үшін жасалуда. Сіздерге өмірлік жолдама беру арқылы біз осы көкейтесті мақсатымызға қарай жақындай түстік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті түлектерге университеттіӊ тарихи тізімініӊ басында тұру мәртебесі бұйырып отырғанына назар аударды.

- Университеттегі даярлық деӊгейін сіздер арқылы, сіздердіӊ істеріӊіз арқылы бағалайтын болады, бұл - айрықша жауапкершілік. Мен сіздердіӊ әрқайсыӊыздан зор құлшыныс пен кәсіби деӊгей күтемін. Сіздердіӊ оқуларыӊыз алғашқы дипломды алумен аяқталмайды. Ол өмір бойы жалғасады. Еӊ басты өмірлік тәжірибені оқудан кейін меӊгересіздер. Оған қалай қол жеткізуді сіздерге бес жыл бойы оқытты. Егер мамандықтарыӊыз бен еӊбектеріӊіз өмірлік сүйікті істеріӊізге айналмаса, жатталған нәрсе тез ұмытылуы мүмкін. Өз ісініӊ нағыз кәсіпқойы тек біліп қана қоймайды, білгенін нақты іске асыра да алады. Университеттіӊ барлық түлектері осындай кәсіпқойлар болатынына сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Бұл орайда, Нұрсұлтан Назарбаев түлектер өз ісініӊ шебері ғана болып қоймай, Қазақстан қоғамыныӊ адамгершілік құндылықтарын да жан-жақты нығайтып, өз Отанына қызмет етудіӊ биік үлгісін танытатынына, халқымыздыӊ материалдық, рухани және мәдени құндылықтарын еселеу ісіне зор үлес қосатынына айрықша сенім білдірді.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ білім беру саласындағы бірқатар жетістіктеріне тоқталып өтті.

- Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Адами капиталды дамыту индексіне сәйкес, Қазақстан бір жылда бірден 8 орынға көтеріліп, 37-орынға шықты және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Португалия, Грекия, Испания, Чили, Мексика, Түркия, сондай-ақ Малайзия, Қытай, Бразилия сияқты елдерден озды. Елдіӊ сауаттылық деӊгейініӊ рейтингі бойынша Қазақстан 33-орынды иеленді, ал білім беру жүйесініӊ сапасы жөнінен бірден 9 тармаққа көтерілді. Бұл табыстарға сіздердіӊ университет те зор үлес қосты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы университет түлектері мемлекетіміздіӊ жаӊа буын элитасыныӊ негізі екенін атап айтты.

- Елді дамытып, халықты бақытқа, бақ-берекеге жеткізу ісі сіздерге жүктеледі. Мұныӊ қаншалық қиын іс екенін мен жақсы білемін. Бүгінгідей жаһандану жағдайында сіздерге тұрақтылық пен даму қарқынын ұстап тұрудан да артығырақ мақсатқа ұмтылу қажет болады. Сіздерге "Бастан асып секіре алмайсыӊ" деп қанша жерден нықтаса да, биік меже қоюға тура келеді. Егер сіздерде қазір бекем әрі батыл амбиция болмаса, онда кейін табысқа жету үшін күш-жігер табу қиын болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев университеттіӊ диплом иегерлерін жұмысқа қабілеттілік, тапқырлық, ширақтық танытуға шақырды.

- Мен бізде басқарушылардыӊ, мемлекеттік қызметшілердіӊ, бизнесмендер мен қоғамдық көшбасшылардыӊ жаӊа шоғыры өсіп келе жатқанын көріп отырмын. Көп ұзамай қазақстандық мамандар, еӊ алдымен, осы университеттіӊ түлектері бүкіл әлемге өзініӊ жаӊашылдығын, бәсекеге қабілеттілігін және қажеттілігін көрсетеді деп сенемін. Илемніӊ жетекші университеттерініӊ тарихы - еӊ алдымен оныӊ түлектерініӊ табысыныӊ тарихы. Бұл университетте де оныӊ түлектері атқарған ұлы істердіӊ жаһандық айшықты тарихы болатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл күндері бүкіл еліміз бойынша мыӊдаған қазақстандық студенттіӊ диплом алып жатқанына назар аударды.

- Жоғары оқу орындарыныӊ барлық түлектерін құттықтаймын, оларға өмірден лайықты орындарын табуын, сәттілік және бақыт тілеймін. ЮНИСЕФ-тіӊ бағалауы бойынша, Жастардыӊ дамуыныӊ жаһандық индексінде Қазақстан 27-орын алып отыр. Бұл Франция, Түркия және Швеция сияқты елдердіӊ көрсеткішінен жоғары. Біз қазіргі атқарып жатқан істеріміздіӊ бәрін сіздер үшін, сіздердіӊ болашақтарыӊыз үшін жасап жатырмыз. Бүгінде сіздердіӊ алдарыӊыздан бүкіл әлемге жол ашық. Сіздер қызықты кезеӊде өмір сүріп, болашаққа қарай қарыштап қадам басқан елмен бірге ержетіп келесіздер. Осыныӊ барлығы біздіӊ қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтыӊ арқасында. Сондықтан сіздердіӊ басты миссияларыӊыз - елдегі бірлік пен келісімді нығайту. Баршаға бейбіт заман мен игілікті өмір жолын тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Студенттер мен оқытушылар университеттегі жасалған жағдай үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтып, күш-жігерлерін елдіӊ бұдан әрі даму жолына жұмсайтындарын жеткізді.

***

Назарбаев Университетініӊ тұӊғыш түлектері қатарында 446 студент оқуын тәмамдады. Оқу орныныӊ құрылған кезінен бері білім алып келе жатқан жастардыӊ жалпы саны 2800-ге жетті. Оқуға түсу емтихандарыныӊ қорытындысы бойынша еӊ жоғары нәтижеге қол жеткізген талапкерлер студенттіӊ университеттегі барлық оқу кезеӊіндегі шығындарын өтейтін мемлекеттік білім беру гранты арқылы оқиды. Грантқа жыл сайын 500 адам ие болады.

Студенттердіӊ басым көпшілігі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, инженерия, ғылым мен технология мектептерінде, сондай-ақ білім беру, мемлекеттік саясат және бизнестіӊ жоғары мектептерінде оқиды. Оқушылардыӊ арасында компьютерлік ғылымдар, инженерлік механика, роботты техника және мехатроника, білім беру ісін басқару, биологиялық ғылымдар, электрлік және электрондық инженерия, сондай-ақ құрылыс инженериясы мамандықтары мейлінше сұранысқа ие мамандықтар болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны