05.03.2015, 16:03 4207

Елбасы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Н.И.Назарбаев партияныӊ кезекті ХVІ -шы Съезіне делегат болып сайланды

Бүгін, 5 наурызда "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалыныӊ ХХІ -шы конференциясы өтті. Іс-шара барысына қатысушылар партияныӊ 2015 жылғы астаналық филиалыныӊ негізгі мақсаттарын талқылады, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясыныӊ кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды сайлады

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін, 5 наурызда "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалыныӊ ХХІ -шы конференциясы өтті. Іс-шара барысына қатысушылар партияныӊ 2015 жылғы астаналық филиалыныӊ негізгі мақсаттарын талқылады, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясыныӊ кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды сайлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияға "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Астана қаласыныӊ әкімі, Астана қалалық филиалыныӊ төрағасы Иділбек Жақсыбеков, астаналық қалалық мәслихаттардағы "Нұр Отан" Фракциясыныӊ депутаттары, астаналық бастауыш партия ұйымдарыныӊ төрағалары, партия белсенділері қатысты.

Күн тәртібі шеӊберінде 101 делегаттыӊ қатарында партияныӊ кезекті Съезіне Қазақстан Республикасыныӊ Президенті, "Нұр Отан" партиясы Лидері Н.И.Назарбаев, партияныӊ Саяси кеӊесініӊ мүшелері, Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясыныӊ мүшелері, аймақтық филиалдардыӊ жетекшілері, БПҰ -ныӊ төрағалары, "Партияныӊ 50 тұлғасы" партиялық жобасыныӊ қатысушылары және партия белсенділері сайланды.

"Нұр Отан" партиясыныӊ алдағы XVI Съезі - шын мағынасындағы тарихи оқиға. Кезекті рет бірлігімізді, өз Көшбасшымыздыӊ төӊірегіндегі ынтымағымызды, елдіӊ келешегі мен тағдырыныӊ алдындағы жауапкершілігімізді көрсете алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті сөйлеген сезінде Б.Байбек.

Партконференция қатысушылары, сондай-ақ, "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру мәселесін, және бюджеттік қаржыныӊ тиімді жұмсалуын бақылау мәселесін талқылады.

Ұлы Отан соғысыныӊ 70 жылдығын мерекелеу шеӊберінде "Ардагерлерді ардақтайық" жобасын іске асыруға ерекше көӊіл бөлінді.

Иділбек Жақсыбековтыӊ айтуынша, ешбір ардагер назардан тыс қалмауы үшін қалалық билік пен қоғамдастықтыӊ жігерін біріктіру партияныӊ мақсаты болып табылады.

"Біз өз жұмысымыз арқылы баяндамаларда, жиындардыӊ барысында айтып жүргеніміздіӊ барлығын дәлелдеуге тиіспіз. Партия көшбасшысы ұсынған стратегиялардыӊ барлығын "Нұр Отан" ұдайы орындап, еліміздіӊ саяси, қоғамдық өмірініӊ негізі бола алды. Астаналық партиялық ұйым - бұл негіздердіӊ негізі және партияныӊ барлық игілікті ісініӊ локомотиві болуы керек. Сондықтан да, біз Елбасы, партия Төрағасыныӊ Стратегиясында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек", - деді Астана қалалық филиалыныӊ төрағасы Иділбек Жақсыбеков.

Дәл қазіргі кезде Астанада 35 мыӊ партиялықтарды біріктіретін 323 бастауыш партия ұйымдары бар. 26-28 ақпанда Астана қаласындағы 320 -дан астам БПҰ-да 3 наурызда 6 аймақтық филиалдардыӊ конференцияларыныӊ өткенін еске саламыз.

2015 жылдыӊ 11 наурызында "Нұр Отан" партиясыныӊ кезекті ХVІ -шы Съезініӊ өтетіні белгілі. Съезге Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен 1200 делегат қатысады деп болжануда, олардыӊ ішінде облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялардыӊ жетекшілері, партияныӊ 100 ден астам ардагері мен белсендісі бар. Бұдан бөлек тұӊғыш рет Съезд делегаттарыныӊ сапалық құрамында БПҰ-ныӊ төрағалары мен шалғай ауылдардағы партия мүшелері үшін квота қарастырылған.

Қазіргі уақытта еліміздіӊ өӊірлерінде партия филиалдарыныӊ аумақтық және өӊірлік конференциялары өтуде.

Анықтама үшін:

БПҰ - үштен кем емес партия мүшелері бар кезде құрылатын бастауыш партия ұйымдары.

Барлығы "Нұр Отан" партиясында 847,9 мыӊ партиялық бар. Партия 5 598 БПҰ -дан, 4 ірі кәсіпорыннан және БПҰ базасындағы 13 филиалдан тұрады. Ир тоғызыншы сайлаушы - "Нұр Отан" партиясы мүшесі, 130 мыӊ жас отандықтық дауыс беру құқы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны