22.01.2015, 09:32 3930

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейілінше белсенді қатысуды өтінді.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Иӊгіме барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасыныӊ ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі елдіӊ көшбасшылары Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапыныӊ көзқарасы бойынша Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары деӊгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мәселемен жеке өзі айналысып жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейілінше белсенді қатысуды өтінді.

Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өӊіріне де ықпал етіп жатқанына тоқталды.

АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағдаластықтарын орындау қажеттігін атап өтті.

Б.Обама сондай-ақ Қазақстанныӊ халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне жұмсаған күш-жігерін жоғары бағалады және Мемлекет басшысыныӊ Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу ісіне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Америка жағы бастамашылық етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны