27.02.2009, 17:55 3134

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Елбасы үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының жер-жерлерде орындалу барысымен танысып, облыста шағын және орта бизнеске, агроөнеркәсіптік кешен мен индустриялық секторға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын сұрап білді.

Елбасы барған бірінші нысан - ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі болды.

"Мен көктемгі егіс науқанына дайындық барысымен танысу, ахуалды көріп, солтүстік өңір тұрғындарының көңіл-күйін білу үшін келдім. Аграрлық кешен - экономиканың маңызды салаларының бірі. Экономикалық дағдарыс белең алған ауыр кезеңде көктемгі егіс науқанына жеткілікті қаржы бөлінуде. Ауыл дихандарында жанар-жағармай жеткілікті көлемде бар. Биыл бітік түсім аламыз деп үміттенеміз", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, "кейінгі төрт жылда мемлекет ауылшаруашылығына қарқынды көмек көрсетуде. Ауылшаруашылығының маңызды салаларына жеткілікті көлемде субсидиялар бөлінуде. Соның нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылығы техникасының 80% - әлемдік озық агротехникадан құралып отыр, бұл - жақсы түсім алуға көмектеседі".

"Солтүстік Қазақстандықтардың міндеті - жақсы дайындалып, егінді жақсы салып, мол астық жинау", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Солтүстік Қазақстан облысы - аграрлық өңір. Экономиканың басты секторы - астық өндірісі. 2008 жылы 5 млн тонна түсім жиналып, шығымдылық бір гектардан 13,5 центнерді құрады. 72 мың тонна майлы дақылдар жиналды.

Облыс еліміздегі ең ірі астық экспорттаушы болып табылады. Өткен жылы 1,4 млн тонна астық экспортқа шығарылды, аграрлық жұмыстардың 80% қазіргі заманғы техникамен атқарылуда.

Мемлекет басшысы аялдаған екінші нысан - "Шапағат" коммуналдық базары болды. Елбасы азық-түліктің негізгі түрлерінің бағаларын сұрап білді.

Одан кейін Н.Назарбаев жедел тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстардың жаңа зауытына барды. Онда президент металл құрылғылардың өндірісімен танысты. Елбасын хабардар еткендей, бұл жобаның құны 170 миллион теңгені құрайды. Ол мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын несиелеу бағдарламасы бойынша Еуразиялық банк арқылы бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны