23.02.2015, 09:24 3786

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Соӊында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаӊа жеӊістер тіледі.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеӊіс мақсаткерліктіӊ, қажырлы еӊбек пен жоғары шеберліктіӊ кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысыныӊ атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетініӊ арқасында планетадағы еӊ мықты боксшылардыӊ бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандықтар сеніӊ әрбір табысыӊа қуанады. Біз сеніӊ келесі жекпе-жектеріӊ де отандық спорттыӊ мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деӊгейге көтеретініне, өскелеӊ ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз", - делінген жеделхатта. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Соӊында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаӊа жеӊістер тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны