03.09.2016, 23:44 4372

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтыӊ қайтыс болуына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

"Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаныӊ ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын", - делінген көӊіл айту жеделхатында.

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Ислам Каримовтыӊ қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатыныӊ төрағасы Нигматилла Юлдашевке көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтіӊ дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

"Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаныӊ ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын", - делінген көӊіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдіӊ экономикалық әлеуетініӊ дамуына, оныӊ халықаралық беделініӊ өсуіне, қоғамныӊ әл-ауқатыныӊ артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердіӊ жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігініӊ бастауында тұрған Ислам Каримовтіӊ есімімен байланысты екенін атап өтті.

"Ол өзініӊ бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады, әрдайым Қазақстанныӊ сенімді досы болды және біздіӊ халықтарымыздыӊ арасында достық пен тату көршіліктіӊ нығая түсуіне үлкен үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Соӊында Қазақстан Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтіӊ туыстары мен жақындарына және елдіӊ басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны