29.10.2008, 13:44 1393

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ханзада Кәрім Ага Хан Қазақстан мен Даму жөніндегі Ага Хан ұйымы арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ханзада Кәрім Ага Хан Қазақстан мен Даму жөніндегі Ага Хан ұйымы арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ханзада Кәрім Ага Хан ІҮ Қазақстан мен Ага Ханның даму жөніндегі ұйымының өзара ынтымақтастық жайын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кездесуден кейінгі брифингте мәртебелі мейман біздің елімізге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан үкіметтерінің және Ага Ханның даму жөніндегі ұйымының Орталық Азия университетімен арадағы келісім аясында осы білім ордасының дамуына қатысты жағдайды білу үшін келгендігін атап өтті.

Сонымен қатар мәртебелі мейман кездесуде Ага Ханның даму ұйымының Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері сөз болғанын атап өтті. "Мен Қазақстанмен барлық салалар бойынша ынтымақтастықтың бұдан былай да дами беретініне үміт артамын", деді ханзада Ага Хан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны