26.01.2015, 16:11 3941

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудқа оныӊ Сауд Арабиясы Корольдігі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Корольге Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Корольге Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сіздіӊ басшылығыӊызбен Сауд Арабиясы Корольдігі ислам жамағатына қызмет етуді мақсат тұтқан саясатын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Корольдіктіӊ өз дамуында жаӊа белестерге көтерілуіне және халықаралық аренадағы рөлініӊ артуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және әріптестік қатынастар екі елдіӊ игілігі жолында тереӊдей береді деп үміттенетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті соӊында Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудқа денсаулық пен амандық, болашақтағы игі істеріне табыс, ал достас Сауд Арабиясы халқына береке-бірлік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны