02.02.2015, 19:05 3966

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздыӊ игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздыӊ игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдағы уақытта Сізбен бірге елдеріміздіӊ зор ынтымақтастық әлеуетін барынша дамытуға күш жұмсайтыныма қуаныштымын", - делінген жеделхатта, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Соӊында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев С.Маттареллаға зор денсаулық, жаӊа қызметіне табыс, ал достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны