10.06.2009, 18:07 2709

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады

Кездесу барысында Н.Бордюжа мемлекет басшысын алдағы маусымның 14-інде Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына әзірлік барысы туралы хабардар етті.Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің тұрақты дамуына, әсіресе Орталық Азия аймағында қауіптер сақталып отырғанын айта келіп, ұжымдық әлеуетті күшейтудің маңызын атап өтті.

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Н.Бордюжа мемлекет басшысын алдағы маусымның 14-інде Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына әзірлік барысы туралы хабардар етті.

Жоспарланып отырған саммиттегі негізгі оқиға - ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштері туралы келісімге қол қою болмақ. Бұл келісім ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағында ұйымның қауіпсіздікке қатерлерге қарсы тұратын біртұтас топтарын қалыптастыру, әзірлеу және қолдану тәртібін нақтылайды.

Н.Бордюжа ҰҚШҰ барлық қатысушы мемлекеттері ұжымдық күштер құрамына ерекше бригадалар мен десанттық-шабуыл бригадаларын бөлгенін баяндады. Олардың құрамында лаңкестікке қарсы сипаттағы арнайы бөлімшелер болмақ.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің тұрақты дамуына, әсіресе Орталық Азия аймағында қауіптер сақталып отырғанын айта келіп, ұжымдық әлеуетті күшейтудің маңызын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны