03.02.2009, 11:58 1850

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталады

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Елбасы бастаған ресми делегацияның құрамында - сыртқы істер министрі Марат Тәжин, президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қайрат Сарыбай, экономика және бюджетті жоспарлау министрі, Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Бақыт Сұлтанов, мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, басқа да ресми адамдар бар.

Елбасы Германияға соңғы рет осыдан екі жыл бұрын сапар жасаған болатын. Бұл жолғы сапар кезінде алғаш рет Қазақстанның Германиядағы жылы ашылады. Бұған дейін Еуропада Қазақстанның тек Украинадағы және Ресейдегі жылдары өткен болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында Германия Федеративтік Республикасының Федералдық президенті Хорст Келермен және Канцлер Ангела Меркельмен кездеседі. Көрнекті саяси қайраткер, 1974-1992 жылдары ГФР-дың сыртқы саясат мекемесін басқарған 82 жастағы Ганс Дитрих Геншермен де кездесу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қазақстан-Германия бизнес-форумына және Қазақстан жылының салтанатты ашылуына арналған концертке қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Германияда Қазақстан жылын өткізу жоспары жоғары дәрежедегі саяси кездесулер, экономикалық форумдар, білім, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларда екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған 100-ге таяу ісшараны қамтып отыр.

Саяси қатынастарда Қазақстан Германия байланыс қарқынының жоғарылығымен ерекшеленіп, халықаралық саясатта ортақ мүдделі достығымен сипатталады.

Ресми Берлин Қазақстанның Еуропа институттарына жақындасу қадамдарына оң баға береді, бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайды.

2007 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ЕО төрағалығына дайындығы кезінде Германия кейін ЕО саммитінде қабылданған Орталық Азияға қатысты ЕО стратегиясын ұсынған болатын.

Қазақстан БҰҰ ҚК құрамына кіру туралы Германияның ұмтылысын қолдайды. Өз кезегінде Берлин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және ДСҰ құрамына енуін қолдайтындығын білдіріп, Қазақстанның Экономикалық ынтымақатастық дамуы ұйымындағы несиелік рейтингінің жақсаруына септігін тигізді.

Қазақстан мен Германия қатынастарының маңызды компоненті болып табылатын сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамуда. ГФР Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктерінің бірі болып табылады.

Өткен жылдың 11 айы ішінде сыртқы сауда айналымы 2,9 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт 0,6 млрд, импорт 2,3 млрд АҚШ долларын құрады. 2007 жылы бұл көрсеткіш 2,9 млрд, ал 2006 жылы 2,3 млрд АҚШ долларын құраған болатын.

Білім саласындағы ынтымақтастық та қарқынды даму үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны