12.02.2016, 14:39 3728

Елбасы О.Сүлейменовпен Семей ядролық полигоны жабылуыныӊ 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселесін талқылады

Кездесу барысында Қазақстанныӊ қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметініӊ негізгі бағыттары талқыланды.

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстанныӊ қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметініӊ негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныӊ Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюыныӊ 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдыӊ күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудіӊ маӊыздылығын айтты.

О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердіӊ ғана емес, қоғамдық ұйымдардыӊ күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны