09.09.2016, 14:15 4337

Елбасы ОҚО, Қарағанды, БҚО және Павлодар облысыныӊ әкімдерімен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхаммед Ибдібековты қабылдады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өӊірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, оныӊ ішінде ауыл шаруашылығы, өӊдеу саласы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстыӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау жөніндегі міндеттердіӊ орындалуын жалғастыруды тапсырды.

Қарағанды облысыныӊ әкімімен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында бүгінде өӊір дамуында ерекше көӊіл бөлуді қажет етіп отырған бірқатар өзекті бағыттарды атап көрсетті. Мәселен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік нысандарды дамыту және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Н.Ибдібеков Мемлекет басшысына өӊірді дамытудыӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, өзекті мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеӊдегі жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Алтай Көлгінов пен Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

БҚО әкімімен кездесуде өӊдеу өнеркәсібініӊ даму әлеуеті мен ауыл шаруашылығы, экономиканыӊ әртараптандырылуы талқыланды.

А.Көлгінов Елбасын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпараттандырды.

Павлодар облысы әкімімен кездесуде облыстыӊ негізгі әлеуметік-экономикалық көрсеткіштері талқыланып, алдағы даму жоспары қаралды.

Б.Бақауов Елбасына өӊірдіӊ өндірістік өсуі мен металлургия саласыныӊ дамуы туралы айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны