15.05.2014, 23:21 10953

Елбасы ОҚО-ның жеңіл өнеркәсіп нысандарын аралады

Кәсіпорынға барған кезінде Мемлекет басшысына "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті фабриканың тоқыма және тігін желісінің технологиялық процессімен танысты.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы "Бал Текстиль" ЖШС-ның кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрикасында болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорынға барған кезінде Мемлекет басшысына "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті фабриканың тоқыма және тігін желісінің технологиялық процессімен танысты.

"Бал Текстиль" ЖШС - өңірдегі кілем және кілем бұйымдарын шығаратын алғашқы фабрика. Жобаны жүзеге асыру барысында 700 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны