03.05.2012, 14:59 3296

Елбасы Оңтүстік Африкаға ресми жұмыс сапармен барады

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық байланыстар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Исмаил Ебрахим ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африкаға жасайтын ресми жұмыс сапарын талқылады

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық байланыстар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Исмаил Ебрахим ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африкаға жасайтын ресми жұмыс сапарын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жақында Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми шақыруын жіберген болатын. Осыған орай, бүгін біз ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына жасайтын сапарының мерзімі мен жұмыс кестесін талқыладық", - дейді И.Ибрахим.

Оның айтуынша, ресми сапардың нақты уақыты әзірге белгісіз. Оны екі елдің президенттері шешетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны