02.04.2015, 22:30 5446

Елбасы "Орал трансформатор зауыты" ЖШС-да болды

Мемлекет басшысы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттыӊ дайын өнімдерін көрді

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттыӊ дайын өнімдерін көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еӊбек ұжымымен әӊгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудыӊ арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынныӊ қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыт жұмысшылары индустриялық саясаттыӊ іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтыӊ әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты.

***

Италияныӊ, Швейцарияныӊ және немістіӊ заманауи жабдықтармен жабдықталған зауыттыӊ жобалық қуаты жылына 10 мыӊ трансформатор шығаруға есептелген. Мұнай-газ саласыныӊ компаниялары, энергетикалық кешен мен теміржол көлігі кәсіпорындары осы өнімніӊ негізгі тұтынушылары болып саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны