14.09.2011, 15:14 3886

Елбасы Оралдағы газтурбиналы электр станциясының жұмысымен танысты

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Орал қаласы төңірегінде салынған қуаты 54 МВт газтурбиналы электр стансасында болып, оның жұмысымен танысқан.

Астанан. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Оралдағы газтурбиналы электр станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Орал қаласы төңірегінде салынған қуаты 54 МВт газтурбиналы электр стансасында болып, оның жұмысымен танысқан.

ГТЭС - индустрияландыруы картасына енгізілген ең ірі және әлеуметтік маңызы зор жобалардың бірі. Өткен жылы 28 маусымда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір кезінде бірінші кезегі іске қосылған аталмыш ГТЭС өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды. Құны - 11,1 млрд. теңгені құраған нысан Орал қаласының солтүстік-шығысындағы үйлерді және жаңадан салынатын жылыжай кешенін жылумен қамтуға да мүмкіндік береді. Мұнда жылына 360 млн. кВт/сағатқа дейін электр және 75 Гкал жылу қуатын өндіруге болады.

Бір айта кететін жайт, ГТЭС-тің арқасында Зеленов ауданында биыл аумағы 2,2 гектар "Көкөніс" ЖШС-ының жылыжай кешені құрылысы басталды. Құрылтайшылары "Альтаир" ЖШС, "Каркула" шаруа қожалығы, "СВ-плюс" ЖШС болып табылатын кешен құрылысы үшін Орал қаласымен шектесетін Трекин ауылдық округінен 8,0 гектар жер берілген. Гараж, қойма және басқа құрылыстар салу жоспарланған. Жоба құны - 700 млн. теңге. Кешенде әрқайсысының аумағы 500 шаршы метр 44 жылыжай бой түземек. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, аумағы 12,5 мың шаршы метр алғашқы 25 жылыжайдың құрылысы биылғы шілдеде басталған болатын. Бұлардың құны - шамамен 250 млн. теңге. Жобаның алғашқы кезегін биылғы төртінші тоқсанда іске қосу көзделіп отыр. Құрылыс толық аяқталғанда, кешен жылына 770 тонна көкөніс өндіретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны