09.05.2018, 20:37 3995

Елбасы Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қатысты

Искери парадқа 3 мыӊға жуық жауынгер қатысып, 300 әскери техника мен қару-жарақ, 40 ұшу аппараты жұмылдырылды.

Алматы. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы "Отар" 40-шы әскери базасына келгеннен кейін оған парад қолбасшысы - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы, генерал-майор Мұрат Бектанов әскери парадты өткізуге және аумақтық әскерлер құрамаларына жауынгерлік туларды тапсыру рәсіміне дайын екендігі жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті ардагерлерге, сарбаздар мен офицерлерге арналған сөзінде Қарулы Күштер қауіпсіздігіміздіӊ басты кепілі, Отанымыздыӊ бейбіт өмірі мен егемендігіміздіӊ берік тірегі болып саналатынын атап өтті.

- Қазақстанныӊ әскери қызметшілері - барлық дәуірдіӊ тарихындағы еӊ сұрапыл соғыста фашизмді жеӊген батыр бабаларымыздыӊ жауынгерлік ерліктері мен даӊқын жалғастыратын лайықты ұрпақ. Біз олардыӊ туған жеріміздіӊ өркендеуі мен бейбіт өмірімізді сақтау үшін көрсеткен көзсіз батырлығы мен өшпес ерлігін әрдайым жадымызда сақтаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы еліміздіӊ дәйекті әрі бейбітсүйгіш саясат жүргізіп отырғанын атап өтті. Бұл орайда Қазақстан әскері тәуелсіздігімізді күзетіп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге табысты атсалысып жатыр, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы шеӊберінде маӊызды бітімгершілік функцияларды лайықты атқарып келеді.

Елбасы мемлекет тарапынан армиямызға мейлінше қолдау көрсетіліп, оныӊ әлеуетін нығайтуға зор мән берілетінін, Қазақстан 2030 жылға қарай заманауи, мобильді әрі жоғары кәсіби армия жасақтау жөнінде мақсат қойып отырғанын атап өтті.

- Бұл үшін 2020 жылдан бастап қорғаныс саласына қажетті қаражат бөлінетін болады. Қауіпсіздікке төнетін жаӊа сын-қатерлерге орай тиімді әрекет ету үшін Арнайы операциялардыӊ жоғары мобильді күштері мен Аумақтық әскерлер құрылып, қорғаныс жүйесіне біріктірілді. Жаӊа бөлімдер бүгін табыс етілген жауынгерлік туларды лайықты алып жүретініне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Аумақтық қорғаныс бригадаларыныӊ жауынгерлік туларын облыстардыӊ, Астана және Алматы қалаларыныӊ әкімдеріне тапсыру рәсімінен кейін Арнаулы операциялар күштерініӊ, Мемлекеттік күзет қызметініӊ, Ұлттық ұланныӊ, Искери-теӊіз күштерініӊ арнаулы мақсаттағы отрядыныӊ, сондай-ақ аумақтық әскерлердіӊ әскери қызметшілерініӊ шеруге қатысушы құрамдары сап түзеп өтті.

Заӊсыз қарулы құрылымдардыӊ шартты базасын жою жөніндегі тактикалық эпизодтарды орындау барысында "Точка-У" тактикалық зымыран кешені, "Град" және "Прима" дүркіндетіп отшашу зымыран жүйесі, МСТА-Б және Д-30 зеӊбіректері, "Солнцепек" ауыр отшашқыш зымыран жүйесі, "Штурм-С" танкіге қарсы зымыран кешені және Ракета әскерлері мен артиллерияныӊ басқа да қару түрлерініӊ мүмкіндіктері көрсетілді. Құрлық әскерлері және Иуе қорғанысы күштерініӊ әскерлері зымыран атып, бомба лақтырды, сондай-ақ барлық қару түрінен оқ атты. Искери-әуе күштерініӊ майдандық және әскери авиациясыныӊ ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе шайқасын көрсетті. "Жетісу Барысы" ұшқыштар тобы жоғары деӊгейде шеберлік танытты.

Искери парадқа 3 мыӊға жуық жауынгер қатысып, 300 әскери техника мен қару-жарақ, 40 ұшу аппараты жұмылдырылды.

Соӊында Мемлекет басшысы әскери техника мен қару-жарақтыӊ заманауи үлгілерімен танысты, сондай-ақ далалық жердегі ұрыста көрсеткен шеберліктері, оқ ату сәтіндегі мергендіктері және жауынгерлік дайындықтары үшін парадқа қатысушылардыӊ бәріне алғыс білдірді.

- Искери парад сіздердіӊ жауынгерлік шеберлік деӊгейлеріӊізді және даладағы жаттығуларға бейімделгендеріӊізді нақты көрсетті. Парад Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ жауынгерлік дайындығы мен кәсібилік деӊгейініӊ одан әрі арта түсуіне септігін тигізеді деп сенемін. Баршаӊызды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеӊіс күнімен құттықтаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны