06.05.2016, 21:46 6235

Елбасы Отан қорғаушы күніне арналған концертке барды

Мемлекет басшысы елімізде жоғары деӊгейдегі қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті нәрсеніӊ бәрі жасалып жатқанына назар аударды.

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Ежелден-ақ Отан қорғаушылар намыс пен айбардыӊ, ерлік пен батылдықтыӊ, патриотизм мен өз халқына қалтқысыз қызмет етудіӊ үлгісі болған. Қазақстандықтар өз өмірін бостандық пен тәуелсіздік үшін қиған қаһармандардыӊ барлығыныӊ ерлігін жадында сақтап келеді. Аталар мен әкелердіӊ жауынгерлік наградалары - қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Біздіӊ күнтізбемізде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күні мерекесініӊ қатар келуініӊ символдық мәні бар. Бұл біздіӊ халқымыздыӊ барлық буыныныӊ даӊқты жауынгерлік дәстүрі сабақтастығын көрсетеді, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне айрықша алғыс айтты.

- Ұлы Жеӊіс - біздіӊ қаһармандық тарихымыз бен гитлерлік фашизмді тізе қосып еӊсерген және талқандаған халықтар достығыныӊ символы. Сіздердіӊ амандықтарыӊыз үшін жасалып отырған қамқорлық - соғыстыӊ ауыр жылдарында өздеріӊізді құрбан еткендіктеріӊіз үшін қазіргі ұрпақтыӊ көрсеткен құрметініӊ бір бөлшегі ғана. Сіздердіӊ жауынгерлік ерліктеріӊізді Қазақстан жері ешқашан ұмытпайды. Жемісін бүгінде біздер, сіздердіӊ балаларыӊыз, көріп отырған Ұлы Жеӊіс үшін, қаһармандықтарыӊыз үшін барлық ардагерлерге басымызды иіп, рахмет айтамыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Отан қорғаушы күні - еліміздіӊ Қарулы Күштерініӊ құрылған күні екенін атап өтті.

- Биыл біз осы айтулы күнді Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдық мерейтойына дайындық аясында атап өтеміз. Ұлттық армия, әскери-әуе күштерін және әскери-теӊіз флотын құру - егемен Қазақстан шежіресіндегі маӊызды белестіӊ бірі. Алғашқы әскери бөлімдерді қалыптастырудан бастап, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздіктіӊ қазіргі заманауи жүйесіне дейінгі үлкен жолды жүріп өттік. Еӊ заманауи қарумен және техникамен жабдықталу, командирлердіӊ кәсібилігі, жеке құрамныӊ жоғары жауынгерлік дайындығы мен машығы - осыныӊ бәрі біздіӊ Қарулы күштерімізге тән, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде жоғары деӊгейдегі қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті нәрсеніӊ бәрі жасалып жатқанына назар аударды.

- Қорғаныс шығыстары қиындықтарға қарамастан басым тәртіп бойынша қаржыландырылады. Жауынгерлік кезекшілікке қайта жарақтандыру бағдарламасына толық сай келетін жаӊа әскери техника түрлері шығады. Таяу жылдарда қару мен техниканыӊ барлық түрініӊ 70 пайызы, ал жекелеген санаттар бойынша 100 пайызға дейіні жаӊартылатын болады. Жыл сайын жүзден аса шұғыл тексеру және әскери оқу-жаттығулар қазіргі заманғы ықтимал соғыс жағдайына барынша бейімделіп өткізіледі, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар әскери кешенді жаӊғырту аясында отандық қорғаныс өнеркәсібінде технология трансферті мен ғылыми ауқымды өндірістерді дамыту тұрғысынан бірқатар міндеттерді орындау мәселесі тұр.

Қазақстан Президенті еліміз шет елдермен әскери-техникалық ынтымақтастығы белсенді түрде дамытылып, ал Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери шеберлігі ҰҚШҰ және ШЫҰ аясындағы бірлескен жаттығуларда, НАТО-мен серіктестік бағдарламасы бойынша өзара іс-қимылдар барысында шыӊдалып келе жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Отанды қорғау еӊ құрметті кәсіп екенін атап өтті.

- Ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті нығайту көп жағдайда әскери білім беру саласын дамытумен, әскерлердіӊ моральдық-саяси рухын күшейтумен байланысты. Бүгінде Қарулы Күштердіӊ жеке құрамымен жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылдаған Мәӊгілік Ел патриоттық актісі негізінде құру маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ Қарулы Күштері әрқашанда Тәуелсіздіктіӊ, қоғамдағы татулық пен келісімніӊ мызғымас тірегі болатынына сенім білдірді.

- Искери қызметшілерге және қорғаныс кешенінде жұмыс істейтін азаматтық тұлғаларға, барша қазақстандықтарға жоғары патриоттық жауапкершіліктері мен Отанымызды қорғауды қамтамасыз етуге тікелей қатыстылығы үшін алғыс білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа жаһандық ахуалдыӊ күрделі жағдайында әлем жасампаз константа болып табылатынын атап өтті.

- Жалпыға ортақ әлем халықтар мен елдердіӊ берік және сенімді қорғаны бола алады. Сондықтан мен халықаралық қоғамдастыққа "Илем. XXI ғасыр" атты манифест арқылы үндеу тастадым. Бұл - жаһандық соғысқа қарсы күш жұмылдырып, адамзатты өзін-өзі жою қатерінен сақтайтын шаралар қабылдауға үндеу. Ол бірнеше айдан соӊ біз салтанатты түрде атап өтетін Семей ядролық сынақ полигоны жабылуыныӊ 25 жылдығы қарсаӊында ерекше өзекті болып отыр.

Ядролық қарудан, халыққа төнген әскери қатерден ада, сенім және барлық ұлттыӊ ынтымақтастығы қағидаларына негізделген әділетті әлем құрылымын қалыптастыру - біздіӊ сыртқы саясатымыздыӊ негізі. Оны әр қадам сайын жақындата отырып, біз туған жеріміздіӊ қорғалуын берік әрі сенімді ете түсеміз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және келе жатқан Жеӊіс күнімен тағы да құттықтады.

***

Концерттік бағдарламада Қорғаныс министрлігініӊ әскери ансамблі мен эстрадалық-симфониялық оркестрі солистерініӊ, сондай-ақ еліміздіӊ танымал әртістерініӊ орындауында Отан туралы, оныӊ батыр ұлдары мен жауынгерлері туралы отандық композиторлардыӊ патриоттық әндері, музыкалық композициялары шырқалды.

Музыкалық нөмірлердіӊ бәрі Қорғаныс министрлігі ансамблініӊ балет труппасы әзірлеген би қойылымдар арқылы сүйемелденіп, әскери өмір мен жауынгерлік жаттығулардыӊ бейнекөріністерімен айшықталып отырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны