08.05.2015, 11:59 4307

Елбасы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Он мыӊға жуық адам қатысқан рәсім барысында Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Он мыӊға жуық адам қатысқан рәсім барысында Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы монументке гүл қойғаннан соӊ соғыс және еӊбек ардагерлерімен әӊгімелесті.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы барша қазақстандықтарды Жеӊіс күнімен құттықтады.

- Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адамдар майдан даласында қаза тапты және соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз - жеӊімпаз әкелердіӊ бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеӊіске жетпегенде, қазір біздіӊ жағдайымыз қандай боларын елестетудіӊ өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардыӊ оларға әрдайым көмектескенін, қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздіӊ халық солай болуға тиіс. Ардагерлер арамызда аман-есен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін. Мерекелеріӊізбен, қымбатты қазақстандықтар! Ирбір отбасыға бақыт, табыс және ашық аспан тілеймін! - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны