11.10.2016, 12:54 4039

Елбасы Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Иӊгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары деӊгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердіӊ іске асырылу барысын талқылады.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Иӊгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары деӊгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердіӊ іске асырылу барысын талқылады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстанныӊ бертіндегі үкіметаралық байланыстарыныӊ оӊ нәтижелерін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығыныӊ басымдығы бар түрлі бағыттарындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудыӊ маӊыздылығы айтылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары халықаралық және өӊірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны