17.12.2012, 11:38 2813

Елбасы Палестина тарабының бастамасы бойынша Палестина Ұлттық Икімшілігінің Төрағасы Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

М.Аббас Мемлекет басшысын және барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, біздің елімізге одан әрі даму мен өсіп-өркендеу тіледі. Сонымен қатар, Палестина көшбасшысы "Қазақстан-2050" стратегиясын белгілеп берген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жоғары бағалады.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Палестина тарабының бастамасы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Палестина Ұлттық Икімшілігінің Төрағасы Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

М.Аббас Мемлекет басшысын және барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, біздің елімізге одан әрі даму мен өсіп-өркендеу тіледі. Сонымен қатар, Палестина көшбасшысы "Қазақстан-2050" стратегиясын белгілеп берген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жоғары бағалады.

Сондай-ақ ол Палестина-Израиль мәселелерін реттеу жөніндегі Қазақстанның дәйекті ұстанымына ризашылығын білдірді.

Иңгімелесу барысында екі мемлекеттің басшылары Таяу Шығыстағы жағдай мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны