17.07.2018, 22:37 6591

Елбасы Павлодар облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Мен бүгін бірнеше кәсіпорында болып, жұртшылықпен әӊгімелестім, халықтыӊ жай-күйімен таныстым. Облыс экономикасыныӊ шамамен 50 пайызы өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл - Қазақстан өӊірлері арасындағы жоғары көрсеткіш, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Елбасы Павлодар облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізді.

Жиынды ашқан Қазақстан Президенті облыс басшылығыныӊ нақты жұмыс атқарып жатқанын және өӊірде оӊ өзгерістердіӊ байқалып отырғанын айтты.

- Мен бүгін бірнеше кәсіпорында болып, жұртшылықпен әӊгімелестім, халықтыӊ жай-күйімен таныстым. Облыс экономикасыныӊ шамамен 50 пайызы өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл - Қазақстан өӊірлері арасындағы жоғары көрсеткіш, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Павлодар облысыныӊ географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқанын атап өтіп, бұл өӊір Ресей Федерациясыныӊ өнеркәсібі дамыған облыстарымен шектесетініне назар аударды.

- Бұл облыстыӊ өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуеті зор, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту және тиісті нысандарды салу мәселелеріне ерекше тоқталды.

- Астана мен Павлодарды бірінші санатты автобан жалғап жатыр. Енді, жол жүру уақыты бес-алты сағат емес, үш сағатқа созылады. Облыстыӊ транзиттік әлеуеті кеӊейіп келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өӊірдіӊ кәсіпкерлеріне арналған сөзінде шикізатты қайта өӊдеуді мейлінше жақсарту және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелеріне назар аударды.

- Мен бүгін алюминий өндіретін, тоқ өткізгіш кабель жасайтын компаниялардыӊ және басқа да кәсіпорындардыӊ жұмысымен таныстым. Біз құрылыс материалдарын шығару, терезе жақтауларын, ыдыс-аяқ және алюминийден фольга жасау мүмкіндігін қарастыруымыз қажет. Міне, осы іске инвестиция тартып, күш жұмылдыру керек, - деді Елбасы.

Кеӊес барысында Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов Мемлекет басшысына өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасы және "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" аясында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде мәлімдеді.

- 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстыӊ жалпы өнімі алғаш рет 2 триллион теӊгеден асып, 3,6 пайызға жетті. Биылғы бірінші жарты жылдықтыӊ қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4,6 пайызға артты. Облыс кәсіпорындарындағы өндіріс үдерістерін цифрландыру жөніндегі Сіздіӊ тапсырмаӊыз орындалуда. Технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау ісіне 200 миллиард теӊгеден астам қаржы жұмсалды, - деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы жиын қорытындысы бойынша өндіріске халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінде көрсетілген "жасыл" технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті, Ресей облыстарымен шекарааралық сауда-саттықты дамыту, өӊірдегі туристік кластердіӊ әлеуетін арттыру, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікті өркендету үшін нақты тапсырмалар берді.

Кеӊеске Президент Икімшілігініӊ Басшысы И.Жақсыбеков, Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары А.Мамин, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарыныӊ жетекшілері, соныӊ ішінде ERG директорлар кеӊесініӊ төрағасы А.Машкевич, "Проммашкомплект" ЖШС-і директорлар кеӊесініӊ төрағасы Д.Сыздықов, "Стальмонтаж" ЖШС-ніӊ бас директоры А.Терентьев, "Казэнергокабель" АҚ-ныӊ бас директоры О.Крук және басқа да азаматтар қатысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапхананыӊ жұмысымен де танысты. Онда мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған арнайы жабдықтар, білім беру және денсаулық сақтау салаларын цифрландыру жобалары, сондай-ақ "Рухани жаӊғыру" жобалық офисініӊ көрме залы көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны