20.04.2016, 17:17 4514

Елбасы "Пошта туралы" заӊ жобасына қол қойды

Мемлекет басшысы пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған "Пошта туралы" Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Заӊына қол койды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған "Пошта туралы" Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Заӊына қол койды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы заӊнаманы жаӊадан қабылданған "Пошта туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊымен сәйкестендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол койды.

Заӊныӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны