Елбасы премьермен ауыл шаруашылығы, қыс маусымына дайындық және елді әлеуметтік жаңғырту бағдарламаларының орындалуы мәселелері талқыланды
Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Кездесуде ауыл шаруашылығы, қыс маусымына дайындық және елді әлеуметтік жаңғырту бағдарламаларының орындалуы мәселелері талқыланды.
"Бүгінде біздің басты міндетіміз - ауыл шаруашылығының мәселелері. Менің қолымдағы мәліметтерге сүйенсек, азық-түлік пен астыққа қатысты жағдай оңай болмай тұр. Қиындықтар қазір Ресей, Украина және тіпті АҚШ сияқты астықты елдерде де байқалуда. Ауыл шаруашылығы министрі маған бұл жағдай туралы жақында баяндады. Жалпы, біздің былтырдан қалған қорымыз жеткілікті. Биыл орташа жылдық өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, Батыс Қазақстанда, Ақтөбеде, Қостанай облысының бірнеше ауданында ауа райы қолайсыз болып тұр. Бірақ ахуал әлі өзгеруі де мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент келесі маңызды мәселе қысқа дайындық екеніне тоқталды. Бұл жұмысты әсіресе Астанада жандандыру қажет. Былтыр бірқатар қиындықтар болды, сондықтан алдағы жылыту маусымында ақауларға жол бермеу үшін бұл бағыттағы жұмысты күшейту керек.
"Жолдауда және елді әлеуметтік жаңғыртуға арналған менің соңғы мақаламда айтылған міндеттерді орындау мәселесінің маңыздылығы да бұдан кем емес. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан осы мәселелердің барлығын мұқият қарастырып, айрықша бақылауға алу керек", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Отырыс қорытындысында Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қонаев қаласының әкімі тағайындалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда вейпке тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес
Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес, деп хабарайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Абай және Қостанай облыстарында болған ірі табиғи өрттердің салдары әлі де есімізде. Әрбір қызметкерді өртке қарсы арнайы киіммен, рациялармен және қажетті құрал-жабдықтармен міндетті түрде қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді", - деді Қанат Бозымбаев.
Облыс әкімдері өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыруға тікелей жауапты", - деді Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.04.2024, 12:51"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес 18.04.2024, 16:22 57931Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді17.04.2024, 15:31 57116Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі17.04.2024, 15:25 57071Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді17.04.2024, 17:57 54651Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жеделдету тапсырылды
04.04.2024, 16:35 120781Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 120561Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады04.04.2024, 16:25 105376Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат04.04.2024, 12:20 102476Іздеуде жүрген екі қазақстандық азамат Стамбул қаласынан Алматыға жеткізілді05.04.2024, 14:28 1013412023 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам шетелдік турист келді