19.10.2015, 14:06 5014

Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы бүгінде республика экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына назар аударды.

Энергия тасымалдаушы өнімдер бағасыныӊ төмендеуі себепті ел бюджетіне түсетін кірістер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардыӊ негізгі түрлерініӊ, соныӊ ішінде қара және түсті металдардыӊ, көмірдіӊ бағасы төмендеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсімді қамтамасыз етіп отыр, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар, соныӊ ішінде машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірісті азайтты, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы күрделі ахуалға қатысты тұжырымдар Қытайда, АҚШ-та өткен, сондай-ақ Ресей басшылығымен болған келіссөздердіӊ негізінде жасалып отырғанына назар аударды.

Илемдегі, соныӊ ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканыӊ ахуалын ескере отырып, жағдайдыӊ жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздыӊ кірісі азайып, табыстыӊ төмендеуі және жұмыс орындарыныӊ қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардыӊ жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекет азаматтардыӊ әлеуметтік көӊіл-күйініӊ төмендеуіне жол бермейтінін тағы да қадап айтты.

"Нұрлы жол" бағдарламасы еӊбекпен қамту бағдарламасын толықтыруға, кәсіптік-техникалық білім арқылы жаӊа мамандық алу мүмкіндігін кеӊейтуге жағдай жасайды. Осылайша жұрт қажет болған жағдайда өз кәсіпорнында жаӊа мамандық ала алатын болады. Сонымен қатар, бізде халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бағдарламасы дайын болуы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ көрсеткішін арттырудыӊ, салынып қойған нысандардыӊ қуатын пайдаланудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордыӊ ақшасын жаӊа нысандар құрылысына, сондай-ақ нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондай-ақ біз барынша тиімді менеджемент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз, - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны