22.07.2016, 14:51 5137

Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

Кездесу барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуыныӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ қазіргі қызметі туралы баяндады

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Кездесу барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуыныӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ қазіргі қызметі туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы жыл соӊына дейін бірқатар маӊызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердіӊ төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстыӊ тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеӊге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдіӊ одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.

- Тамыз айыныӊ соӊында біз Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердіӊ шешімін әзірлеуді сұраймын, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны