20.07.2016, 13:15 3843

Елбасы Премьер-министрдіӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады

Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздіӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқаныныӊ қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздіӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқаныныӊ қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еӊбек өнімділігін, саланыӊ экспорттық әлеуетін ұлғайтудыӊ және ауыл тұрғындарыныӊ жұмыспен қамтылуын арттырудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деӊгеймен салыстырғанда 448 мыӊ гектарға артып, 21,6 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соныӊ ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теӊгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны