11.09.2018, 23:22 10178

Елбасы Президент Икімшілігініӊ алдағы кезеӊге арналған жұмыстарыныӊ негізгі басымдықтарын белгілеп берді

- Аппарат алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маӊызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өӊірлік деӊгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деӊгейдегі әкімдердіӊ қызметін тиімді үйлестіріп, олардыӊ өзара ынтымақтаса еӊбек етуіне көмектесу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Президент Икімшілігініӊ басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы кездесу барысында Иділбек Жақсыбековке Президент Икімшілігініӊ басшысы лауазымында және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оныӊ Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

- Ұзақ жылдардан бері менімен бірге келе жатқан Иділбек Рыскелдіұлын жақсы білесіздер. Ол елорданыӊ алғашқы әкімі болды, барлық лауазымды қызметтерде жауапкершілікпен адал еӊбек етті. Оған зор денсаулық, табыс тілеймін, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға Президент Икімшілігініӊ жаӊа басшысы Исет Исекешевті таныстырды.

- Исет Өрентайұлы меніӊ көмекшім болды, министр, Премьер-Министрдіӊ орынбасары қызметтерін атқарды. Бас қаламызда жұмыс істеген соӊғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардан жоғары баға алды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам керек. Исекешев елордаға әкім болған уақытта біз "ЭКСПО-2017" көрмесін және Астананыӊ 20 жылдығын абыроймен өткіздік. Исет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы жиын соӊында еліміздіӊ экономикалық өсімін және халықтыӊ әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Икімшілігініӊ басты рөл атқаратынын атап өтіп, оныӊ алдағы кезеӊге арналған жұмыстарыныӊ негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

- Аппарат алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маӊызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өӊірлік деӊгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деӊгейдегі әкімдердіӊ қызметін тиімді үйлестіріп, олардыӊ өзара ынтымақтаса еӊбек етуіне көмектесу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны