20.06.2007, 10:27 1223

Елбасы "Президент туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Елбасы "Президент туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қолданыстағы "Президент туралы" конституциялық заңға Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға байланысты түзетулер енгізіліп отыр.

Заң нормаларымен президентті сайлау мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартылмақ; президенттің өз өкілеттілігі мерзімінде саяси партиядағы іс-қызметін уақытша тоқтату туралы норма алынады; президенттің парламентке, үкіметке, сот пен судьяларға, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке және әкімдерге қатысты өкілеттілігі нақтыланады.

Сонымен бірге, президентке тек парламенттің ғана емес, парламент палатасының сайлауын белгілеу өкілеттілігі берілмек. Парламентте ұлттық -мәдени және басқа да қоғамның маңызды мүдделерін қорғаушы өкілдерінің болуын қамтамасыз ету үшін президент бұрынғыдай сенаттың 7 емес, 15 депутатын тағайындайды.

Сондай-ақ, президентке заң шығаруға бастама көтеру құқығы берілді. Бұл бастаманы жүзеге асыру аясында жобасы жасалған заңнамалық актілер мәжілістің қарауына президенттің арнайы жолдауымен енгізіледі.

Президент тек мәжілістің келісімімен ғана республика үкімет басшысын тағайындайды. Сонымен бірге, "президенттің сыртқы істер министрін, қорғаныс министрін, ішкі істер министрі мен әділет министрін өз бетімен тағайындау өкілеттілігі сақталып қалады", "ал Ұлттық банк төрағасын тек сенаттың келісімін ғана тағайындай алады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны