18.03.2015, 20:06 3415

Елбасы Президенттіӊ іс басқармасыныӊ медициналық орталығыныӊ Клиникалық оӊалту кешенініӊ ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті денсаулық сақтау саласыныӊ одан әрі дамуы маӊызды екеніне, бұл ел тұрғындарыныӊ денсаулық сапасына оӊ әсерін тигізетініне тоқталды.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы көпсалалық жаӊа кешенді аралап көрді және оныӊ ұжым мүшелерімен әӊгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев тиісті кәсіби персоналы, жоғары сапалы жабдықтары, қажетті секциялары түгел функционалды ғимараты бар медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті денсаулық сақтау саласыныӊ одан әрі дамуы маӊызды екеніне, бұл ел тұрғындарыныӊ денсаулық сапасына оӊ әсерін тигізетініне тоқталды.

- Қазақстандықтар ем алу үшін шетелге барады. Осындай кешендердіӊ пайда болуымен медициналық туристер легі біздіӊ елге бағыт алатын болады. Мұнда толыққанды жұмысқа қажетті жағдайдыӊ бәрі жасалған, енді сіздерге өз міндеттеріӊізді сапалы орындап, халық денсаулығын жақсарту керек, - деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне назар аударып отырғаны үшін алғыс айтып, осындай бірегей кешенде жұмыс істеу зор құрмет екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Олар халыққа білікті медициналық көмек көрсетуге дайын екендіктеріне Қазақстан Президентін сендірді.

***

13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ 200 орындық стационары бар кешенніӊ жалпы аумағы 84 мыӊ шаршы метр болады. Кешен бөлімшелері озық медициналық техникалармен жабдықталған.

Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оныӊ инфрақұрылымыныӊ жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердіӊ мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған.

Мекемеде жоғары білікті мамандар, соныӊ ішінде медицина ғылымдарыныӊ 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Дәрігерлердіӊ жартысынан астамы жоғары санатқа ие.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны