09.02.2015, 21:04 3703

Елбасы Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - Қарулы Күштер Бас штабыныӊ бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қарулы Күштердіӊ қазіргі жағдайы, олардыӊ жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті елдіӊ қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердіӊ кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны